"Жалақымызды көтеруді сұрап едік, жұмыстан шығарып жіберді"! Ақтөбедегі көлік-логистикалық орталығының қызметкерлері бүгін шу шығарды. Базыналарын айтып, басшылығына барғанымен оларды күзетшілер мекеме ғимаратына кіргізбей қойған. Ақыры еңбек инспекциясыны араласқан дау немен тынды? Жабық есік артындағы келіссөздердің нәтижесі туралы ақпаратты
Newsroom+ақпарат агенттігі
«Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жұмысшылардың басшылықтың жауабын күтіп жүргеніне бүгін екінші күн. Кешке сағат алтыға дейін күткен, алайда оларды қақпа сыртына шығарып жіберген. Міне, таңғы сағат 8-ден бері жұмыс орнына келіп тұр. Алайда, басшылық тарапынан мән-жайды түсіндіріп беретін ешкім жоқ. Жұмысшылар жауап алмасақ, еңбек департаментіне шағымданамыз деп отыр»
Басшылықтан біреу-міреу шығып қала ма деп, қақпа алдында қаңтарылып жүрген жұмысшылардың бұл жартысы ғана. Көлік-логистикалық орталығының 50 шақты қызметері кеше жалақыларын өсіруді сұрап, ұсыныстарын айтыпты. Айлық пәтер ақысы мен жолақыдан аспайды, ал азық-түлік болса қымбаттап кеткенін де ескерттік деп тұр. Мейрам күндері демалыссыз, кейде тіпті артығымен жұмыс істегендерін де айтады.
Жұмысшылардың айтуынша, олардың міндетіне қоймадағы затты іріктеп, жинастырып, бөліп, тиеп қаладағы ірі гиперамаркет желілеріне тарату кіреді. Ал орташа жалақы 80 мың теңге. Оны өсірмесе, күнкөріс қамы қиындап бара жатқанын айтып, басшылықты құлағдар еткен. Содан бері жарты жыл өткенімен, өтінішімізге құлақ асқан ешкім болмады, дейді. Шыдамы таусылған елу шақты адам кеше тағы осы мәселені көтеріпті.
Не себепті жұмыстан қуылғанын білмегендер қақпа алдында сарылып күтумен болды. Жұмыс берушіге қоңырау да шалды. Бірақ, жауап болмады. Тілшілердің араласуынан кейін еңбек инспекциясы наразы топпен кездесіп, артынша тараптар ортақ мәмілеге келген.
Жұмысынан шығарып салу қақпаның сыртына ол дұрыс емес. Жұмыстарына қосылды, қазір атқарып жатыр. Қудаламаймыз деп жұмыс беруші гарантия берді», дейді Талғат ЕСҚАРИН, Облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы
Жиналғандар еңбек инспекциясы басқармасындағылардың көзінше жұмыс берушіден екі мәселеге назар аударуды сұрады . Біріншісі еңбек жағдайын жақсарту, екіншісі- жалақыны өсіру. Жұмыс беруші мұның барлығы шешілетін сұрақтар екенін айтып, тек уақыт беруін сұрапты.
https://youtu.be/MQ2zagWJqZs