Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 маусым, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Иесі лақтырып жіберген: Қарағандыда үшінші қабаттан құлаған ит өліп қалды

Иесі лақтырып жіберген: Қарағандыда үшінші қабаттан құлаған ит өліп қалды

Иесі лақтырып жіберген: Қарағандыда үшінші қабаттан құлаған ит өліп қалды
ашық дереккөзі
 /> Қарағанды ​​қаласында ит үшінші қабаттың балконынан құлап <a href=түсті. Видео авторларының айтуынша, итті иесі үшінші қабаттан лақтырып жіберген.
Иттің жан дауысы шықты, ол қатты қыңқылдады. Адамдар итке көмектеспек болған, алайда ол қатты жарақаттанған еді. Бұл оқиға 8 маусымда болған. Иттің иесі мас болған. Ол тіпті өтіп бара жатқан адамдарға да тас лақтырды", - деді куәгерлер.
Видео әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін полиция қызметкерлері де оған қызығушылық танытқан. Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт теміржол полициясы басқармасында тіркелгенін хабарлады.
Ер адам итті үшінші қабаттың балконынан лақтырды деген хабарлама полиция бөліміне 8 маусымда келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Полиция иттің иесін анықтады. Ол 50  жастағы ер адам болып шықты. Оның айтуынша, жануар терезенің жанындағы стөлде отырған. Даладан екінші бір иттің дауысын естіп, ит терезеден секіріп кеткен. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде "Жануарларға қатыгездік" бабы бойынша тіркелді”, – деп мәлімдеді полиция басқармасы.