Қазақстандық гимнаст көркем гимнастикадан Азия чемпионы болды

Қазақстандық гимнаст көркем гимнастикадан Азия чемпионы болды

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандық гимнаст Алина Әділханова көркем гимнастикадан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап. ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, ол Азия чемпионатында ұршық жаттығуы бойынша 24.00 ұпайын еншіледі. Ал Өзбекстан өкілі Тахмина Икрамова екінші орыннан көрінсе, қытайлық Ятинг Жао үздік үштікті қорытындылады. Сондай-ақ қазақстандық тағы бір гимнаст – Адиля Тілекенова қола медаль жеңіп алды. Ол жүлдені лентамен жаттығуда ие болды. Бірінші орын - Я.Жаоға, екінші орын Т.Икрамоға бұйырды. Айта кетейік, бұған дейін Алина Әділханова екі «күміс» алған болатын. Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты Ташкентте өтіп жатыр.  

Жүктелуде...