Құран оқылғанда ағатын сарқырама немесе "Жылаған ата" туралы не білеміз? (Видео)

Құран оқылғанда ағатын сарқырама немесе "Жылаған ата" туралы не білеміз? (Видео)

ашық дереккөзі

Қазақстанның түкпір-түкпірінде киелі жер саналатын орындар көптеп кездеседі. Олардың өзінің сыры, аңызы, шығу тарихы бар. Сондай аңыз бен ақиқатқа толы жердің бірі қазіргі Түркістан облысына қарасты Кентау маңында, Қаратаудың етегінде орналасқан Жылаған ата үңгірі. https://youtu.be/eL4_qqM8X0w Бүгінде қасиетті мекен зиярат етушілер мен саяхатшылар үзілмейтін орынға айналған. Белгісіз жанның видеосы әлеуметтік желілерде таралып кеткен. Онда тәу етушілер құран аяттарын бағыштайды. Құран оқылып болған соң, үңгірден сарқырама атқылайды. Алланың құдіреттілігінде шек жоқ екенін айтып, "Алла ұлық" деп сарқырамаға шомылады. Жылаған Ата шамамен VI-VII ғасырларда өмір сүрген екен. Аңыз бойынша бай-қуатты егде жасқа келген ерлі-зайыптылар бір перзентке зар болып, Алладан бала сұраған. Араға жыл салып дүниеге ерекше бала келеді. Алайда ол пердеге оралған күйінде местің ішінде туылады. Анасына аян беріп, месті жармау керектігімен баланы сол күйінше, біраз уақыт көтеріп жүреді. Алайда бала не сөйлемейді, не күлмейді, не жыламайды. Месті көтеріп шаршаған анасы "сені қашанғы көтеріп жүреміз, не сөйлемейсің, не күлмейсің, не жыламайсың" деген кезде мес қолынан түсіп кетіп ішінен нұрлы жүзді бала шығады, бала местен шыға сала тауды беткейлеп қаша жөнеледі. Бала үлкен үңгірдің ішіне кіріп кетеді де шықпай қояды. Әке-шешесі амалы жоқ көніп, мұңайып елге қайтып келе жатқанда, мүмкін артымыздан келе жатырған шығар деп арттарына бұрылып қарайды. Арттарынан нұр болып ағып келе жатқан үлкен өзен жердің астына сіңіп жоқ болып кетеді екен. Алдағы уақытта newsroom.kz редакциясы осындай еліміздің тарихи-рухани өңірлері туралы жиі жазып отыруды жоспарлауда. Егер Сізде қызықты видео немесе мәлімет болса, біздің редакцияға жолдаңыз!

Жүктелуде...