Даниярдың ҰБТ-дан 140 ұпай жинауы – Қазақстандағы Білім-инновация лицейлер жүйесінің үлкен қуанышы. Павлодардағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей интернатының директоры бұл жетістіктің лицей ұжымы үшін зор мәртебе екенін айтады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі
Almaty.tv.-ға сілтеме жасап.
Мұндай жоғары көрсеткіштерге үлкен еңбек пен асқан жауапкершіліктің арқасында қол жеткізгенін айта келе, білім ордасының басшысы лицей ұстаздарының қолдары қалт ете қалса, түлектерге қосымша дәріс беріп, дайындық сабақтарын ұйымдастырғанын алға тартты. Күні кеше Данияр Уәлиевке «Білім-инновация» қоғамдық қоры соңғы үлгідегі MacBook Air M1-ді табыстады.
Бұл Павлодар Білім-инновация лицейіндегі алғашқы қуаныш емес, осыған дейін де оқушыларымыз олимпиадалық, халықаралық деңгейдегі, республикалық деңгейде көптеген оқушыларымыз жетістіктерге жетті. Бірақ ҰБТ максимум 140 ұпай жинау алғашқы рет. Оны ерекше атап өту керек. Бұл жетістіктің артында үлкен жұмыс тұрғанын айтып өткім келеді», – деді Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының директоры Рахым Үркімбаев.
Айта кетейік, 6 маусымда Павлодардағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей интернатының түлегі Уәлиев Данияр Арманұлы ҰБТ-да биыл бірінші рет ең жоғары балл 140 ұпай жинады. Негізінде Данияр энергетика саласында инженер мамандығын меңгергісі келеді екен.