Алматыда блогер Валерий Кудрявцев соққыға жығылды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі.
Блогер оқиға туралы өзінің Facebook парақшасында жазған.
"Тәртіп болмайынша біз қалыпты өмір сүре алмаймыз. Мені ұрып-соғып тонап кетті... Театрда!"- деп жазды ол.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт Қылмыстық кодекстің 191-бабы "Тонау" бойынша тіркелгенін айтты."
"Істі Алмалы аудандық ПБ тергеуде. Жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір шабуылдаушылардың жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел шаралар кешені жүргізілуде.
Сондай - ақ, бейнебақылау камераларынан алынған мәліметтерді жедел уәкілдер мұқият зерттеп жатқанын хабарлаймыз",-деп түсіндірді Алматы ПД баспасөз қызметі.
Естеріңізге салсақ, Валерий Кудрявцев сәуір айында басқа блогерлер тобымен бірге Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жеке тексеруін жүргізді: олар қабаттарға барып, кабинеттерге кірді, ведомство қызметкерлерін камераға түсіріп, түрлі бұзушылықтарды тіркеді. Әсіресе, арнаның авторларын әкімшілік ғимараттағы дәретхананың жай-күйін үрейлендірді.