Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 маусым, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Лидия Кәденованың ұлы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Лидия Кәденованың ұлы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Лидия Кәденованың ұлы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады
ашық дереккөзі

 /> Қазақстандық әнші, сазгер Дидар Кәден екінші рет отау құрмақ. Әнші өзінің туға күнінде сүйіктісіне ұсыныс айтты. Қалыңдығының оң жауабын алған соң достары құттықтап, тілегін <a href=білдірді.  Лидия Кәденованың ұлы Дидар Кәден 30 жасқа толды. Өнер өкілдерін қуанышына шақырып, дүркіретіп той тойлады. Той соңында сүйіктісі Ләйләға ұсыныс жасады. Сүйіктісі оң жауабын берді. Осыдан соң әншінің достары құттықтап, қуанышты сәтті желіге жүктеді. Желі қолданушылары да құттықтап, ақ тілегін арнады. "Бақытты болыңдар, екінші некең сәтті болсын", "Қалыңдығың әдемі екен, бақтарың жансын", "Жас қыз екен, сүйкімді екен", "Енді бақытты ет", "Алланың жазғаны болады", "Біреуді айыптағанша, өздеріңе бақыт тілеңдер", "Жарасымды жұп, бақытты болсын", "Бір-бірінен аумайды екен" - деп жазды олар. Әншінің қалыңдыңы кәсіби биші. 24 жастағы арудың есімі Ләйлә. Айта кетейік, Дидар Кәден атақты актриса Лидия Кәденованың ұлы. Бірінші некесі сәтсіз болып, жұбайы екеуі екі жаққа кеткен еді. Ол некеден Дияр атты ұлы бар. Дидар Кәден мен Айым Алтынбекованың дүбірлі тойы 2015 жылдың қарашасында Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде дүркіреп өткен еді. Олар араға бір жарым жыл салып ажырасып кетті. Осыған дейін Лидия Кәденова ұлын екінші рет үйлендіруге қарсы еместігін айтқан.