Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Жұлдыз ауруына ұшырамаңдар!» Алтынбек Қоразбаев «Меломен» тобына қатаң ескерту жасады

«Жұлдыз ауруына ұшырамаңдар!» Алтынбек Қоразбаев «Меломен» тобына қатаң ескерту жасады

«Жұлдыз ауруына ұшырамаңдар!» Алтынбек Қоразбаев «Меломен» тобына қатаң ескерту жасады
ашық дереккөзі

Алтынбек Қоразбаев қазақ эстрадасындағы біраз әншілердің бетпердесін шешті. Халық әртісі «Карантиндегі жұлдыз» жобасында «жұлдыз дертіне» шалдыққан өнерпаздарды сынға алды.

Еліміздегі төтенше жағдай «Меломен» жігіттері үшін еш кедергісін келтірмейді. Аталған ұжым өнерімен де, жеке өміріндегі жағымды жаңалығымен де жанкүйерлерін қуантудан жалыққан емес. Таяуда топтың мүшесі Ғабит үшінші рет әке атанды. Бұл жақсы хабар Қоразбаевтың да құлағына жетіпті. Алайда, Алтынбек мырза, халық санының аздығына қапалы көрінеді. Сондықтан болар, ел демографиясын өсіру жолында өнерлі шәкірттерін шабыттандырудан жалыққан емес.    «Мен Мейрамбектен бастап шәкірттеріме айтамын: «Айналайын, шамаларыңның барында туып-туып, қазақтың санын көбейтіп жіберіңдер деймін. Әттең, біздің кезімізде Совет үкіметі қиын болды ғой. Не ол 3 бала деген? 7-8-ге жеткізіп тастау керек! Солай ма, күйеу бала? Жиендерді көбейт», – деді Қоразбаев «Меломен» тобының әншісі Ғабитке. Алтынбек ақсақал соңынан ерген інілеріне ақылын ешқашан аямаған. Карантиндегі кездесуде тағы бір құнды кеңес берді. Соңғы жылдары Қоразбаев танымал жас әншілердің бойынан жат қылықтарды жиі байқап жүргенін жасырмайды. Тіпті, талай мәрте ескерту де жасаған. «Жұлдызбын деп танауды көтеріп, халықпен араласпай, елмен араласпай, ақша қуып кеткен деген дұрыс емес негізінде. Мен талай сахнаға шыққанда талай азаматтардың Республика сарайындағы, астанадағы үлкен концерт залдарында айтар ең түйін сөзім бар. «Айналайын, бауырларым, жұлдызды шақтарың көп болсын. Бірақ «жұлдыз» деген жаман ауруға ұшырамаңдар», – деп айтқам. Сендерге де айтарым сол. Еш уақытта «жұлдыз» деген ауруға ұшырамаңдар!» – дейді Халық әртісі. Ұстаздың шәкірттеріне дәл бұлай ескерту жасауы тегін емес. Қазіргі таңда «Меломен» тобы шығармашылығын шыңдауды мықтап қолға алған. Күнделікті түрлі түсірілім, онлайн-концерттер! Иә, бүгінде бұл бойзбендтің жұмысы тығыз кестеге түзілген. Сондай-ақ, таяуда тұсауы кесілген «Алло» атты әні мен клиптегі ерекше образ әлеуметтік желідегі тыңдармандарын естен тандыруда. «Форма жақсы жарасып қалыпты! «Әдемі ән, әдемі актерлар, әдемі әншілер! Лайк!» – дейді клипті көрген көрермен. «Қазіргі таңда ютуб арнасына «Меломен» тобы – «Алло» деп терсеңіздер, көре аласыздар! Клиптің идея авторы Жеңісхан мен біздің бірігіп отырып шығарған идеямыз. Сұрақ қойғанға қарағанда ұнап жатқан сияқты! Рахмет үлкен!», – дейді «Меломен» тобы.   https://youtu.be/afus7t7EazY