Роман Скляр Түркістан облысында зардап шеккен халықпен қазақ тілінде сөйлесті

Роман Скляр Түркістан облысында зардап шеккен халықпен қазақ тілінде сөйлесті

ашық дереккөзі

 width= Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына барып, су басқан ауыл тұрғындарымен кездескен болатын. "Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Президент Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсетуді тапсырды",- деді Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр. Сондай-ақ, Роман Скляр ауыл тұрғындарымен мемлекеттік тілде, қазақ тілінде сөйлесті. "Президенттің тапсырмасы бойынша 685 үй саламыз. Авто жолдар мен инжинерлік коммуникациялар салынады", - деді Премьер-министрінің орынбасары.

 

Жүктелуде...