атады. Тергеу барысында оқиғаның Алматы облысында болғаны анықталды. Қонақ ашуланғаннан емес, керісінше эмоцияға беріліп оқ атқан.
Полиция видеоға қызығушылық танытты. 26 жастағы алматылық жарық-шу патрондарын қолдана отырып, сигналдық тапаншадан оқ атқанын анықтады.
“Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 1-бөлігі (Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану) бойынша әкімшілік өндіріс басталды. Сигналдық тапанша алынды, оған сараптама тағайындалады”, – деді Алматы облысы ДП баспасөз қызметі
Той ұйымдастырушы мен мейрамхана әкімшілігі де тексеріліп жатыр.
Ұсталған адам көпшілік алдында кешірім сұрады және мұндай жағдай енді қайталанбайды деп уәде берді.