Алматы облысының әкімдігі бес автокөлік сатып алуға 50,5 млн теңге жұмсамақ

Алматы облысының әкімдігі бес автокөлік сатып алуға 50,5 млн теңге жұмсамақ

ашық дереккөзі

 width= Алматы облысының әкімдігі бес автокөлік сатып алуға шамамен 50,5 млн. теңге ақша жұмсамақшы, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Тапсырыс беруші – «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; атауы – автомобиль; қосымша сипаттама – жеңіл автомобиль, В класы, автоматты беріліс қорабы, көлемі 2000 cc дейін; бірлік бағасы – 10,09 млн теңге; саны – бес; жоспарланған сома – 50,45», – делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасында.
Байқауға қатысуға өтінімдерді алдын-ала қабылдау 17 маусымда 17.17-де басталып, 3 шілдеде сағат 9.00-де аяқталады.

Жүктелуде...