Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирусқа байланысты жаңа қаулысы шықты. Қаулы бойынша, аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен мекеме басшылары «сары» аймақ аясында Ashyq жобасына қатыспайтын әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысына шектеулер мен рұқсаттардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.