weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
5 маусым, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Адам саудасы бойынша айыпталушы Бахрейннен Қазақстанға экстрадицияланды

Адам саудасы бойынша айыпталушы Бахрейннен Қазақстанға экстрадицияланды

Адам саудасы бойынша айыпталушы Бахрейннен Қазақстанға экстрадицияланды
ашық дереккөзі
 width= Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды жезекшелік үшін жіберумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топты басқарған әйел экстрадицияланды. «2021 жылғы 5 маусымда Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бахрейн Корольдігінен Зарифа Османованы экстрадициялады. Оған Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды жыныстық қатынастарға түсу мақсатында пайдалану үшін жіберуді жүзеге асырған трансұлттық ұйымдасқан топты басқарған деген күдік келтірілуде», делінген хабарламада. Еске сала кетсек, қылмыс жасалғаннан кейін З.Османова қылмыстық қудалау органдарынан жасырынды, сол үшін халықаралық іздеуге жарияланған. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.