Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түріктің теңіз тарланы Хайреддин Барбаросса туралы не білеміз?

Түріктің теңіз тарланы Хайреддин Барбаросса туралы не білеміз?

Түріктің теңіз тарланы Хайреддин Барбаросса туралы не білеміз?
ашық дереккөзі
Барбаросса деген сөзді естігенде есіме үнемі Гитлердің КСРО-ға қарсы құрған жоспары түсетін... Бұл сөздің мағынасын мақала соңына таман ашып жазатын боламыз. Кеше-бүгін интернеттен түрік адмиралы әрі корсар Хайреддин Барбароссаның өмірбаянын оқып, білгенімді оқырманмен бөлісуді жөн көрдім. Себебі, 1475 жылы туып, 1546 жылы Стамбулдағы өз үйінде жатып қайтыс болған Хызыр-рейстің өмірі шынымен де қызық енді. Қазіргі Грекияның Лесбос аралында дүниеге келген Хайреддиннің әкесі – түрік, анасы – грек ұлтынан екен. 1518 жылы ағасы – Аруджа Барбароссадан қалған флотилияға иелік еткен Хызыр-рейс өзін ІІ Барбаросса сұлтан деп жариялап, Осман империясының билігін мойындайды. Бұл жайт оның одан әрменгі тағдырына тікелей әсер етеді. Әрине, оңынан. 1518 жылы испан флотилиясын Алжир маңында талқандаған Хайреддинді Сүлеймен І оны теңіз флотының қолбасшысы етіп тағайындап, бейлербей (әмірлердің әмірі) деген титул береді. Ол заманда бұл дәрежеге тек 7 адам ғана жетсе, Хайреддин Африкаға билік жүргізеді. Хайреддин Барбароссаның тарихтағы ең үлкен жеңісі 1535 жылы Превез маңындағы Венеция, Генуя республикалары мен Папа мемлекетінің флотилиясын басқарған Андреа Дориаға қарсы теңіз соғысы еді. Одақтастардың 157 кемесі мен 60 мың әскеріне қарсы, 122 галера және 22 мың әскерімен қарсы соғысқан ол қарсыластарын тас-талқан етіп жеңеді. Осылайша өз заманының қаһарманы болған Хайреддин Барбаросса өмірінің соңғы жылдарын Стамбулдағы сарайында өткізеді. Сол заманның көзімен алғанда, теңізді кәсіп еткен талай кәнігілерден ұзақ ғұмыр кешіп, өзі соққан мешітке жерленеді. «Барбаросса» деген сөз «сары сақал» деген мағынаға саяды екен. Ал Босфор бұғазы арқылы теңізге шыққан әрбір түрік кемесі Хайреддин мазарының тұсынан өткенде, салют беріп өткен көрінеді. Бұл енді басқа тарих!  

Уәли ЖҰМА