Алматыда жас қызға шабуыл жасап, артынша ізін суытқан ер адамды тәртіп сақшылары жан-жақтан іздеп жатыр. Оқиға таңертең қаланың қақ ортасындағы көшелердің бірінде болған. Күдіктінің бойжеткенді тонаған сәті видеоға түсіп қалған, дейді
Newsroom+ақпарат агенттігі
Астана TV-ға сілтеме жасап. Кадрларда үстіне спорттық киім киген ер адамның қызды жұлқып, қолынан ұялы телефонын тартып алғаны көрінеді. Полиция Департаменті бұл іске қатысты тергеуді бастады. Шабуылшының жеке басын анықтауға арналған жедел шаралар жүріп жатыр.
Қылмыстық Кодекстің 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы тергеу тобы құрылды. Қазіргі таңда бейнекамералардың жазбасы жіті талдануда ізкесушілермен. Сезікті азамат міндетті түрде анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады, дейді Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық полиция департаментінің Ресми өкілі
https://www.youtube.com/watch?v=1uk7A2iFtNI