Қазақстан Республикасының астанасында Түркіменстан Елшілігінің қызметкерлері мен Түркімен студенттерінің, Нұр-Сұлтан қаласының ЖОО студенттерінің қатысуымен дәстүрге айналған веложарыс өтті.
3 маусым күні өткен веложарыс Түркіменстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Дүниежүзілік велосипед күніне орайластырылды.
Акция Қазақстан астанасының ең көрікті жерлерінің бірі - "Астана" Триатлон паркінде өтті.
Іс-шара барысында Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Реджепов Түркіменстанның дене шынықтыру және спорт саласындағы жетістіктері, елде салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған мемлекеттік саясаты туралы айтты.
Сондай-ақ, осындай жаппай велошерулерді Шымкент және Түркістан қалаларының жоғары оқу орындарында түрікмен студенттері өткізді.