Алматының атын блогерлер шығармақ

Алматының атын блогерлер шығармақ

ашық дереккөзі

 width= Алматы әкімдігі танымалдылық пен атақ-абыройға 26 млн теңге бөлмекші.  Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Ол ақшаға шетелдік блогерлерді шақырып, 5 күн қонақ етпек. Бұл сомаға танымал тұлғалардың Грузия, Армения, Беларусь, Ресей, Украина, Түркия, Корея, БАӘ және Гонконгтан ұшып келіп-кету ақысы мен бес жұлдызды қонақ үйдегі жатын орны, жейтін тамағы кіреді. Есесіне әлеуметтік желінің жұлдыздары Алатау баурайындағы алып мегаполистің жарнамасын қатыруы керек. Олар демалыс орындарын аралап, тарихи мекендерге сапар шегеді. Туризм басқармасындағылар осы іс-шара арқылы шетелдік саяхатшылар арасында Алматының атын шығармақ. Жоспар бойынша блогерлерге қазақтың ұлттық тағамдарын даярлау бойынша мастер-класс көрсетіліп, кетер-аяқ естелік кәдесыйлар берілмекші.

Жүктелуде...