Су қатты ластанған: Бескөл тұрғындары ауыз судан жаппай уланған

Су қатты ластанған: Бескөл тұрғындары ауыз судан жаппай уланған

ашық дереккөзі

 width= Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл ауылы тұрғындарының ауыз судан уланғаны расталды. Бұған дейін жұрт құбырдағы судан іші өтіп, құсып, қызуы көтеріліп ауырғанын айтып шулаған.Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі КТК теларнасына сілтеме жасап хабарлайды. Айқай-шудан соң судан сынама алған мамандар оның ластанғанын растады. Дегенмен қазір қосымша зерттеу жүріп жатыр. Ал санитар дәрігерлер тексерудің нақты қорытындысы шыққанша, ауыз суды қайнатып ішуге кеңес берді. Бескөл ауылында 15 мыңға жуық тұрғын бар. Бір бөлігі жаңа, екінші жартысы ескі құбырдан су алады. Үш күн бұрын сол тозығы жеткен құбырдан лай су аға бастаған. Тұрғындар оны амалсыз тұндырып ішіпті. Артынша көбінің іші ауырып, дене қызуы көтереліп ауруханадан бір-ақ шыққан.

Үй ішіміз бәрі ауырып жатыр. Осы судан ғана көреміз, су лайлы, ішінде  тұнып қалатын тұнбасына дейін бар. Сол себептен балаларымыз, үй-ішімізбен ауырып жатырмыз. Екі баламның бірдей температурасы көтеріліп, 39-ға дейін жетті, дейді Күміс Менбай, Бескөл ауылының тұрғыны.
Денсаулығына шағымданушылар саны күрт өсіп, үш күнде 130-ға жуық адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қазір ауруханада 18 науқас ем алып жатыр. Оларға анықталмаған энтеровирус инфекциясы диагнозы қойылған. Тұрғындар әкімдіктің бейқам болғанына наразы. Әу бастан, су лайланған кезде дабыл қаққан екен. Алайда ешкім мән бермеген.
 Бактерия көрсеткіші өте жоғары болып шықты. Жалпы микроб саны да жоғары. Бір миллилитрде 50 болуы тиіс, одан асып тұр. Су қатты ластанған. Барлық жағынан көрсеткіш жоғары, оны бірден анықтау мүмкін болмай тұр, дейді  Жангелді Ибраев, Қызылжар ауданының санитар дәрігері.  
Ауыл тұрғындары ауру тараған ескі құбырды ауыстыруды талап етіп отыр. Ал атқамінерлер күзге дейін су жүйесін жаңалауға немесе хлормен тазартуға уәде етті. Оған дейін ауыл халқы суды тек қайнатып ішуге мәжбүр.

Жүктелуде...