Тао Хуаби есімді қытайлық әйел ешқашан мектепте оқымаған: ол шалғай таулы ауылда кедей отбасында дүниеге келген. Жас кезінде Тао кешке дейін далада жұмыс істеді, жазуды да, оқуды да білмеді. Содан кейін ол әскери адамға үйленіп, екі бала туды.
Көп ұзамай күйеуі қайтыс болды және балаларды тамақтандыру үшін Тао өз үйінде шағын мейрамхана ашады.
Келушілерге Тао өзінің рецепті бойынша дайындалған кеспеге ұсынған тұздық өте ұнады. Бір сәтте адамдар ол жасаған асты емес тұздықтың дәмін көруге келе бастады.
Тұрақты клиенттердің бірінің кеңесіне құлақ асып, Тао өзінің барлық жинағын жинап, өз үйінде "Laogan ma"сауда маркасымен шағын тұздықты шығаратын зауыт ашты. Іс жүріп, жаңадан келген кәсіпкер алдымен 40 адамды, содан кейін тағы 200 адамды жалдады.
Бүгінгі таңда Тао Хуаби компаниясының айналымы жылына бірнеше жүз миллион долларды құрайды. Оның жеке байлығы 1 миллиард долларға бағаланады.
Ақнұр САҒАТҚЫЗЫ