Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Алпыс жасында үйленген билеуші

Алпыс жасында үйленген билеуші

Алпыс жасында үйленген билеуші
ашық дереккөзі
 width= Палестина автономиясының басшысы Ясир Арафат – 1929 жылы Иерусалимде мата сататын бай саудагердің отбасында туған. Үйдегі бесінші бала. Анасы Мұхаммед Пайғамбардың ұрпағы, беделді әулеттен шыққан. Бірақ анасы төрт жасында қайтыс болып, әкесі одан кейін бірнеше рет үйленеді. Азан шақырып қойған Мұхаммед деген атын жас кезінде Ясир Арафат деп ауыстырып алады. Ясир «жеңіл» деген мағынаны білдіреді. Дінді берік ұстанбаған. Үнемі әскери формада, басына куфий (бедуиндердің дәстүрлі бас орамалы) киіп жүрген. Бұл орамал өмірінің соңына дейін палестиналықтардың күресінің символы болып кетеді. Еврейлерді қатты жек көрген. Тұлғасы қайшылыққа толы бұл адамның жеке өміріне де қатысты алып-қашпа әңгіме көп. Алпысты алқымдағанша жар құшып, сәби сүймеген билеушінің өзі журналистердің жеке өміріне қатысты сұрағына «Менің әйелім – Палестина революциясы»-деп жауап беретін. Алайда 1987 жылы оның гомосексуал екендігі туралы ақпарат әлемді шарлап кетеді. Оған себеп болған кітапты Ясир өзі тығыз араласқан румыниялық қашқын шенділердің бірі жазады. 60 жасына дейін үйленбеуінің сыры осында-мыс. Және бұл әдеті жасөспірім кезінен басталған. Өзінің ұстазынан бастап, кейін қаншама оққағарларымен интимдік қарым-қатынаста болған... Ерлермен интимде рөлдік ойындарды жақсы көріпті... Қара жер хабар бермесін. Дәл осы ақпарат тарап кеткеннен кейін 61 жасында, яғни, 1990 жылы 27 жастағы Суха есімді қызға үйленеді. Екеуінің жас айырмашылығы 34 жас. Суха Арафат палестиналық христиандардың отбасында дүниеге келген. Тұрмысқа шығар алдында мұсылман дінін қабылдайды. Әкесі Оксфордта оқыған, бай банкирлер әулетінің мұрагері болса, шешесі ақын, жазушы, өте мінезді әйел болған. Және бір деректе Ясир мен Суханы таныстырған қыздың шешесі десе, екінші бір деректе қызының оған тұрмысқа шығуына қатты қарсы болған дейді. Себебі шешесі Ясирмен жас кезінен таныс болғандықтан, оның гомосексуал екенін білген, қызын мұндай күйеуге қимаған көрінеді. Тіпті қызынан тізерлеп тұрып бұл шешімінен бас тартуды сұраған екен. Ал басқа деректерде олардың жұмыс бабымен танысқандары, Суханың Ясирдің көмекшісі әрі аудармашысы болғаны айтылады. Той құпия түрде өтіп, екеуінің некесі екі жыл бойы жасырын ұсталады. Жұртқа жария болған кезде палестиналықтарға бұл күтпеген жаңалық еді. Палестина халқы көшбасшыларының таңдауы түскен әйелді қабылдамаған. Жасы да көп кіші, діні де бөлек, оның үстіне батыстық өмір салтын ұстанған, ешқашан басына орамал салмаған келіншек. Оның үстіне Палестинаның көп қаржысы Ясир Арафаттың жеке шоттарында болғандықтан аста-төк өмір сүрген. Ал бұл кезде Палестина халқы аш-жалаңаш жүрген. 1995 жылы екеуінің жалғыз қыздары дүниге келеді. Ясир қызына Захва деп анасының атын қояды. Баланың некелескеннен кейін бес жылдан кейін туғанына қатысты да күмән келтірушілер көп. Біреулер 66 жаста әке болу мүмкіндігі тым аз десе, екіншілері ерлі-зайыптылардың отасса да бір шаңырақ астында тұрмағандарын айтады. Тіпті қыздың әкесі басқа бір күрд екені туралы дерек бар... Суха 2000 жылы қызын алып, өз шешесімен берге Палестина автономиясынан Парижге кетеді. 2004 жылы күйеуі Ясир Арафат өлгеннен кейін оның үзеңгілестері мен жас жесірдің арасында дүние-мүлік үшін біраз дау-дамай туындайды. Ақыр соңында Суха марқұм күйеуінің банктегі шоттарының кодын беріп, оның қайтарымына Палестина билігі Арафаттың жалғыз қызы үшін өтемақы төлеп отыруға келіседі. Суха біраз жылдар өткеннен кейін берген бір сұхбатында талай мәрте ажырасқысы келгенін, бірақ күйеуі оған рұқсат етпегенін, кезінде оған тұрмысқа шыққанына өкінетінін айтқан. Себебі оған тұрмысқа шыққаннан кейін еркіндігі шектеліп, қауіпсіздік үшін бір-жерден бір жерге көшіп, тіпті телофонмен дұрыс сөйлесе алмағанын айтады. «Ясир – ұлы адам, бірақ мен оның қасында өзімді жалғыз сезіндім»-дейді. Арафат билік құрған қырық жылда қаншама қастандық жасалып, талай мәрте ажал аузынан аман қалады. Жаулары тіпті оған қорапқа салынған сәлемдеме жолдап, Сібір жарасын жұқтырмақ болыпты. Ажалы жетіп, 2004 жылдың 11 қарашасында ауруханада белгісіз дерттен қайтыс болады. Өлімінің себебі әлі күнге жұмбақ. Бір деректер бауыр циррозынан, өз ажалынан өлді десе де, кей деректерде СПИД-тен қайтқаны айтылады. Одан бөлек полониймен уланғаны туралы да дау көп. Көз көрген замандастары оған мынадай сипаттама береді: «Қу, қатыгез, зұлым, өте ақылды, айлакер. Оның саяси бейнесінен Палестина халқының жарты ғасырлық трагедиясы көрінеді. Идея, күрес, жанжал – оның болмысы. Палестинаның болашағы үшін мойнына қаншама мың еврейдің қанын жүктеген саясаткер. Жас палестиналықтардың жүрегіне Израильге деген өшпендікті сіңірген, террор мен зорлық-зомбылыққа жол берген, өз халқының трагедиясына айналған диктатор». P.S.: Ясир Араффаттың матрицасында екі үштік, екі төрттік, екі сегіздік болған. Өте төзімді, өте қабілетті, өте табанды адам. Өз саны да 8. Яғни шексіз билік пен мол ақшаның белгісі. Ол осы санына сай міндетін де орындаған. Жұлдызы – бикеш. Топырақ стихиясы. Ал өзінен 34 жас кіші жары Суханың жұлдызы – шаян. Су стихиясы. Екеуі топырақ пен су стихиясы болып жақсы қосылған жұп. Суханың матрицасында үш үштік пен үш жетілік бар. Келесі пост 27 жасында билікке келген, маникюрі әдемі 40 қыздан жеке өзіне күзет жасақтап, шетелге шыққанда сүтін ішу үшін түйе ала жүретін билеуші туралы болады Ақбота Әбілтай Инстаграм @akbota_abiltay