Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 маусым, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

СҚО-да бір үйдің екі баласы ата-анасының көзінше суға батып кетті

СҚО-да бір үйдің екі баласы ата-анасының көзінше суға батып кетті

СҚО-да бір үйдің екі баласы ата-анасының көзінше суға батып кетті
ашық дереккөзі
 width=
Солтүстік Қазақстан облысының Мерген ауылында бір үйдің 9 және 11 жастағы екі баласы суға кетті деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Көпбалалы отбасы: ата-ана мен бес баласы ауыл іргесіндегі көлге барып демалмақ болған. Анасы кенжесін емізіп отырғанда үйдің үлкен қызы мен ұлы суға шомылмақ болып, батып кетіпті. Бір сәтте екі перзентінен айрылған әйел оларды бір сәтке назардан тыс қалдырғанын айтып отыр. Құтқарушылардың сөзінше, ұлдың денесін судан өгей әкесі алып шыққан.
«Анасының айтуынша, ол үйдің кенжесін емізу үшін палаткаға кірген екен. Өзге балалар осы сәтте қараусыз қалған. Сыртқа қайта шыққанда жағада ес-түссіз жатқан ұлын көрген. Ал, күйеуі бұл сәтте қызды іздеп қайта суға түскен», - дейді СҚО бойынша ТЖД басшысының орынбасары Мұран Кангужинов.
Қыздың денесін судан құтқарушылар алып шықты. Алдын ала болжам бойынша, судың астында шұңқырлар көп болған, жүзе алмайтын балалар сол жерге түсіп кеткен. Белгілі болғандай, қайғылы оқиға болған сәтте балалардың өгей әкесі масаң күйде болған.