Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 маусым, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ішімде бомба жарылғандай болды: СҚО-да адамдар белгісіз дертке шалдығуда

Ішімде бомба жарылғандай болды: СҚО-да адамдар белгісіз дертке шалдығуда

Ішімде бомба жарылғандай болды: СҚО-да адамдар белгісіз дертке шалдығуда
ашық дереккөзі
 width= Солтүстік Қазақстандағы Бескөл ауылының жұрты белгісіз дертке шалдығуда. Науқастарға ортақ белгі  – іш өту, дене қызуының көтерілуі .  Халық мұны сапасыз ауыз судан көреді. Ал жергілікті биліктің өз болжамы бар. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылының тұрғындарынан маза қашқан. Соңғы екі аптадан бері жұрт бірінен соң бірі белгісіз дертке шалдығып жатыр. Біреулерде  іш бүріп, диарея белгілері байқалса,  енді бірінің жүрегі айнып,  ішкен-жеген тамағын қабылдамайтын көрінеді.  Жұрттың айтуынша, ауылда жүзден астам адам белгісіз дертті жұқтырған. Галина ПУЛНИКОВА, БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Өткен бейсенбі күні түнде ауырып қалдым. Дене қызуым 38,6 градусқа дейін көтерілді. Ішім қатты бүріп,  ішімде бомба жарылғандай болды. Белгілері коронавирусқа ұқсамайды. Дәрігерлер де осылай дейді. Қайырбек НҰРАЛИН, ЖШС ДИРЕКТОРЫ: Башнядан бір жерден алады. Егер мынандай бірдеңе болса, 15 мыңның жартысы ауырып қалар еді. Ол суды мен өзім де ішіп отырмын. Уланып жатқан себебі, осы күндері күн ыстық болды. Сонда көлге түсті, ыстықта жүрді. Жұрттың тарапынан түскен шағымдардың саны күрт артқан соң,  ауылға эпидемиологтар шақыртылды.  Сала мамандары ауыз судың және жақын маңайдағы су тоғайлардан сынама алып, сараптамалық зертханаға жіберген. Дәрігерлердің көмегіне 100-ден астам адам жүгінді. Біз тек ауыз суды ғана күдікке алып отырған жоқпыз. Себебі, екі аптадай күн ыстық болды. Жұрттың бәрі өзен-көлге ағылды. Бәлкім вирус содан шыққан болар. Облыстық эпидемиологиялық орталық мамырдың 29 күні судың сараптамасын алды. Нәтижесін  10 күннің ішінде хабарлайды. Бұл мәселеге  прокуратура да араласып жатыр. Құзырлы орган жұмысшы тобын құрып, тіпті қылмыстық іс қозғаған, дейді Мәулен ҚАСЫМҒОЖИН, Бескөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.
 Санитарлық талаптарды және гигиеналық нормаларды бұзу фактісі бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 304 бабы 1 бөлігінің қылмыстық іс қозғалып, бүгінгі күнде тиісті кешенді сараптамалар жүргізілуде. Бескөл кентінің тұрғындарына толықтай медициналық көмек көрсетілуде. Зертхана  қорытындысы осы аптада жариялануы тиіс. Ал оған дейін сумен қамту кәсіпорны шұғыл түрде құбырларды хлормен тазарту жұмыстарын жүргізбек, дейді Жарқын БЕЛГІБЕКОВ, СҚО прокурорының аға көмекшісі.