Қала аумағындағы «Халық банк», «Каспий банк» және «Қазпочта» филиалдарындағы жағдай қалыпты. Қазіргі таңда айдың басы болғандықтан, банктерге тұрғындар зейнетақы, жәрдемақы, жалақы алу үшін көптен жиналып жатқаны белгілі. Дегенмен, індеттің алдын алу мақсатында сақтық шаралары қатаң сақталған.
Мәселен, «Нұрсәт» шағынауданындағы "Халық Банк" бөлімшесі мен А.Асқаров көшесіндегі "Хоум банк" және "Халық Банк" бөлімшелерінен келушілерге арналған күту орындары дайындалған.
Қиын-қыстау кезеңде банк бөлімшелері осылайша жұмыстарын ширатып, сақтық шараларын күшейткен. Пандемияға байланысты қазір банктердің 80% қызметін онлайн арқылы пайдалануға болады. Сонымен қатар, банк карталарымен кез келген төлем түрлерін жасауға мүмкіндік бар.