Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 маусым, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шарын шатқалындағы төтенше жағдай туралы мамандар пікір білдірді

Шарын шатқалындағы төтенше жағдай туралы мамандар пікір білдірді

Шарын шатқалындағы төтенше жағдай туралы мамандар пікір білдірді
ашық дереккөзі
   width= Шарын шатқалындағы оқушылардың саяхаты жайлы мектеп әкімшілігі білмеген және де алдын ала келіспеген. Ал, синоптиктерден аймақ бойынша дауылды ескерту немесе сел жайлы ақпарат болмаған. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі елордада өткен брифингте мәлімедеді. Комитет төрағасы Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, қайғылы оқиға тіркелген өңірде байланыс жүйесі нашар. Сол себепті, төтенше жағдай мамандарын шұғыл көмекке шақыру қиындық туғызыпты. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі, «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
1991-98 жылы осындай оқиға орын алған. Шарын каньонында бірінші мәрте орын алуда. Қауіпсіздік сабақтарда ең бірінші су лайланып келе жатса, білу керек, демек ол жақтан қауіп төнеді. Соны білу керек еді. Екіншісі каньоның түбіне түспес бұрын, айналасындағы  болып жатқан жағдайды барлау керек еді. Үшіншісі, нөсер жауған кезде жоғарғы жаққа шықты. Әрине бұл жерде үлкендер де болды. Кішкентай балаларға қатысы жоқ. Ең бірінші үлкен адамдарымыз жіті қарау керек еді», дейді Бауыржан СЫЗДЫҚОВ,  ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы.
Айта кетейік, балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі де қаперден шығып қала береді. Мәселен,  жыл басынан бері 34 бала суға кетсе, өрттен 17-сі қаза тапқан. Терезден құлау фактілері де тыйылмай тұр. Биыл 27 бала терезеден құлап, оның 5-уі мерт болған. Одан бөлек, жаз мезгілінде жеткіншектер арасында жұқпалы ішек аурулары да белең алады. Сол себепті дәрігерлер ата-аналарды сақ болуға шақыруда. Тағы бір ескерту, Алматы, Алматы облысы, Ақмола, Солтүстік Қазақстанда балаларды кене шағу жағдайлары жиіледі. Дәл осы аймақ қауіпті жәндіктердің шоғырланған жері болып есептеледі. Соңғы дерекке сәйкес,  кенеден 35 адам зардап шеккен. Оның дені 14 жасқа дейінгі балалар.
Балаларға ең бірінші үйдегі сіріңкелері ойыншық емес екенін түсіндіру керек. Қараусыз, жеке қалдырмау қажет. Көп жағдайлдар есіктің сыртынан жауып кетеді. Ол дегеніңіз балаларыңызға шанс қалдырмайсыз. Соған назар аудару керек », дейді Бауыржан СЫЗДЫҚОВ,  ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің Төрағасы.
  https://youtu.be/f1IMublCH_I?t=692