Түркістанда бір жасар баласын 7 млн теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды. Қалалық прокуратураның мәліметінше, 27 жастағы келіншек қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бала сатуға әрекет жасау қылмысы кезекті мниторинг жүргізу барысында анықталған.
Осы материал бойынша сол күні Түркістан қалалық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 135 бабы 2- бөлігі 12 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. 1994 жылы туған күдікті әйел өзінің 2020 жылы туған баласын сату және 7 млн теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсті», - делінген хабарламада.