Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сегіз алтын: Бокстан Қазақстан әйелдер командасы Азия чемпионатында көш бастады

Сегіз алтын: Бокстан Қазақстан әйелдер командасы Азия чемпионатында көш бастады

Сегіз алтын: Бокстан Қазақстан әйелдер командасы Азия чемпионатында көш бастады
ашық дереккөзі
 width= Дубайда бокстан Азия чемпионатының алғашқы финалдық бәсекелері мәреге жетті. Әйелдер арасындағы сында Қазақстан командасы сегіз алтын иеленіп, жалпы есепте көш бастады деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Olympic.kz. -ке сілтеме жасап. Ерік Алғабек жаттықтыратын қазақстандық боксшы қыздар Азия біріншілігін 8 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен аяқтап отыр.  Біздің команда сапынан Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі),  Валентина Хальзова (69 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) чемпион атанды.  Владислава Кухта (57 келі) ақтық сында сүрініп, күміс жүлдегер атанса, Марина Вольнова (75 келі) құрлық додасының қола медалін тағынды. Бұл бокстан Қазақстан әйелдер командасының рекордты көрсеткіштерінің бірі. Бұған дейін қазақстандықтар Азия біріншілігінен сегіз алтын алмаған болатын.  Ертең ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтеді. Ақтық айқаста Қазақстан командасының бес өкілі бақ сынайды.