IQ Almaty жобасының 2-маусымын «Almaty TV»-ден көріңіз

IQ Almaty жобасының 2-маусымын «Almaty TV»-ден көріңіз

ашық дереккөзі

 width= Алматының озық жастары білімін сынайтын интелектуалды шоу «IQ Алматы» 30 мамырда арнаға қайта оралады, деп хабарлайды Almaty.tv. «Ел үміті – білімді жастар» деген ұранмен Жоғарғы оқу орнының студенттерін жинаған білімсайысында қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, қазылар алқасының әділ бағасымен жеңімпаз командалар анықталады. 20 топтың ішіндегі ең үздік құрама бас жүлдені, яғни 2 млн. теңгені қанжығасына байлайды.

«Елімізде қаншама білімді, әрі білікті жастар бар. Олардың эрудициясы мен интелектуалдылығы жетерлік. Продюсер ретінде осындай ғибратты жобаларды дайындау мен үшін үлкен бақыт. Осындай өскелең ұрпаққа қарап, моральдік тұрғыда азық аламыз», – деді бас продюсер Игорь Пасько.

Жүктелуде...