Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген облыстық мәслихаттың депутаты 15 күнге қамалды. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатқан кезде одан бірден ішімдік исі шыққанын айтады. Бұл туралы
Newsroom+ақпарат агенттігі
"Астана" арнасына сілтеме жасап.
"Toyota camry" маркалы көлікті тізгіндеген шенеуніктің өзімен бірге ешқандай құжаты да болмаған. Ал кейін көліктің техникалық байқаудан өтпегені, сақтандыру жасалмағаны да анықталды. Жазадан құтылмақ болған шенунік аты-жөнін жасырып, басқа есім айтқан.
"Аталған тұлғаға полиция талабын орындамау, көлік құралын сақтандырмау, "темір тұлпарды" құжатсыз басқару және көлікті техникалық байқаудан өткізбеу сынды 4 баппен хаттама толтырылды. Осы заң бұзушылық аясында оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Жүгенсіз жүргізушінің ісі сотқа жолданды. Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оны 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.
Сотта ол өзінің кінәсінің мойындамаған. Павлодар қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Серік Мардановтың айтуынша сот оның өркескел заң бұзушылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамап, көлік жүргізу құқынан 8 жылға айыру туралы шешім шығарған.