Алматыда кісі өлтірген, ұрлаған, саудагерлерді бопсалған «Айшуақ Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының жеті мүшесі қолға түсті. Мұны елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Құзырлы органның мәліметінше, ұсталғандар 2018 жылдан бастап Сарыбұлақ көлінен заңсыз балық аулаушыларға бақылау орнатып, кейін оңтүстік шаһардағы ірі базарларда саудагерлерді бопсалап келген. Аса қатыгездікпен көзге түскендер кісі де ұрлап, осыдан бес жыл бұрын қылмыс әлемінің серкесін де өлтіргені анықталған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп жүргізген операция кезінде заң бұзғандардан төрт қару мен оқ-дәрілер тәркілеген. Бүгінде адам өлтіру, тонау, бопсалау секілді бірнеше бап бойынша 17 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы
Newsroom+ақпарат агенттігі
«Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
https://youtu.be/LtHfMu53FyI?t=964