Балаева халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде "Қалаулым", "Қослайк" бағдарламаларының жабылуы туралы пікір білдірді. Министр халықтың сұранысы бар кезде мұндай бағдарламаларды жабу мүмкін болмайтынын айтты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
Бұл - жауыр болған мәселелердің бірі. Дегенмен біздің ақпарат министрлігінің кез келген бағдарламаны жауып тастауға құқығы жоқ. Арнайы заң бар. Бұл бағдарламалар жекеменшік БАҚ құралдарында таралып жатыр. Қоғам тарапынан наразылық болғаннан кейін, біз ол бағдарламаларды өндірушілерге өз ұсыныстарымызды айттық. Бірақ ол бағдарламалардың рейтингі жоғары. Қоғамның бір бөлігі наразылық білдірсе, екінші бөлігі өліп-тіріліп сол бағдарламаларды қарайды”, – дейді министр.Министр халықтың мәдениеті мен талғамын көтеру керек екенін жеткізді.