Қазақ тіліндегі аудионы бірден мәтінге айналдыратын қосымша шықты, - деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі.
Қосымша
TezText деп аталады, оны жасап шығарған - Galamat tech компаниясы, қолдау көрсеткен - АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі. Мобильді қосымша тегін және App Store мен "Play Маркет" арқылы жүктеп алуға болады.
Қосымшаны құрастырушы компания басшысының айтуынша, TezText журналистер жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.
Қосымша авторларының айтуынша, қосымшадағы тілдік модель журналистерге бейімделген, кәсіби терминдерді жақсы таниды. Сонымен қатар, қосымша айтылған ақпаратты нақты уақыт режимінде жазып, тани алады. Қосымшаны жасау үшін 10 мыңнан аса материал немесе 40 миллион сөйлем қолданылған.
Болашақта адам есімдері толығып, тыныс белгілерді қою мәселелері шешілмек.