Бразилияда коронавирустың жаңа түрі табылды

Бразилияда коронавирустың жаңа түрі табылды

ашық дереккөзі

 width= Мамандар оның қарапайым вирусқа қарағанда жұқпалы немесе қауіпті екенін анықтау әзірге мүмкін емес дегенді айтты. Сан-Паулу университетінің зерттеушілері коронавирустың жаңа түрін тапты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Inbusiness.kz  сілтеме жасап. Басылымның дерегінше, P4 деп аталатын коронавирустың қайдан шыққаны белгісіз. Оны ғалымдар алғаш рет Сан-Паулудағы Мокока муниципалитетінен табылды, кейін ол Порту-Феррейрада кең тарала бастады. Мамандар оның қарапайым вирусқа қарағанда жұқпалы немесе қауіпті екенін анықтау әзірге мүмкін емес дегенді айтты. Р4-тің нұсқасы бразилиялық Р1 және Р2 нұсқалары және Филиппинде кең таралған Р3 нұсқасына ұқсайды. Олардың барлығы да B. 1.1.28 тобына тиесілі. Бразилиядағы вирусология ведомствосының вице-президенті Джоао Песоа Араужу Джуниордың айтуынша, қазір коронавирустың жаңа штамы ел аумағында тез таралып жатыр, бүгінге дейін Сан-Паулудың тоғыз муниципалитетінде табылған.

Жүктелуде...