11 жасар жасөспірім шатырдан құлап, мерт болды

11 жасар жасөспірім шатырдан құлап, мерт болды

ашық дереккөзі

 width= Алматы облысында 11 жастағы жасөспірім 9 қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты. Бұған дейін тұрғындар бірнеше мәрте ескертсек те ешкім құлақ түрген жоқ, дейді. Сонымен қатар ашық тұрған баспананың төбесіне ойын баласынан бөлек, дәрет сындырып, ластайтындар да көп екенін айтады. Дер кезінде қолға алмаған соң осындай жағдайға душар болған.  Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  Міне баланы шығара алмай жатыр екі домның ортасы. Жауып тастады сол жерді ашып жатыр. Қалаға таяқ тастам жердегі қайғылы жағдай кеше кешкі 5-тің шамасында болған. Бесағаш ауылына қарасты «Нүрия» тұрғын үй кешенінің ашық тұрған шатырына шыққан жасөспірімдер арасы 60 сантиметрдей болатын екінші баспананың төбесіне өтпек болған. Куәгерлердің сөзінше марқұммен бірге екі қыз бала да болыпты. Бірақ, салмақтары жеңіл болғандықтан адымдап кеткен. Ал, жұқа қаңылтырдан жасалған қоршау баланы көтере алмай қалған.

Ғалымжан  БАУЫРЖАНОВ, Бесағаш ауылының тұрғын Ойын баласы ғой енді. Қашанғы ата-аналар контроль жасайды. Шығып кетеді ашық тұрғаннан кейін. Енді соны байқаусызда басып кеткен ғой. Енді олай қоятын болса кішкене мықтырақ бекітіп қойса болар еді ғой».
Тіпті, бұған дейін бірнеше мәрте шатырға өтетін есікті бекітуін де айтып, құрылыс компаниясы мен Талғар ауданының әкімдігіне дейін хат жолдапты. Алайда, ешқандай нәтиже шықпаған екен. Сонымен қатар жасөспірім көз жұмғанға дейін де бұл маң былыққа айналғанға ұқсайды. Арлы-берлі өткендер дәрет сындырып, қоқыс та тастайды деп отыр.
Марияхан  АЙТҚҰЛОВА, Бесағаш ауылының тұрғыны Жауапсыздық. Өйткені, білмеді емес олар біліп отыр люктың ашық екенін. Мен айтқам люк ашық, жел соғып мына жерден ашық тұр. Жабыңыздаршы, жабыңыздаршы, Кеше Талғардың әкімі келді. Мен айттым сізге менің қызым хат жазды ғой. Оқыдыңыз ба десем, оқыдым, дейді. Ал, неге шара қолданбадыңыз десем, үндемейді».
Көз жұмған жасөспірім көрші салынған тұрғын үйде тұратыны анықталыпты. Жалғыз басты ананың жалғыз баласы екен. Ал, әкімдіктегілер бұл баланың сол ауылда білім алғанын жеткізді. Және бұл іске қатысты қазір шара қолданылып жатыр, дейді.
Жанкелді ӨМІРӘЛИЕВ, Талғар ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бүгін түске дейін бүкіл мекемелермен бірге жиналыс өтті. Осы мәселе бойынша. Енді әзірше қайтыс болған бала біздің 28 мектепте оқыған Бесағаш ауылында. Әзірге қандай көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр».
Қазіргі уақытта істі прокуратура тексеруге алыпты. Ал, бұл тұрғын үйді жеке компания салып, эксплуатациядан өткізген екен. Бірақ әзірге пәтер иелері кооперативіне берілмепті. Маңайы толған құрылыс болғандықтан бұл жағдайдан кейін көпшілік шошып қалған. Қауіпсіздікті қолға алмаса тағы бір келеңсіз жағдай болуы да ғажап емес, дейді.

Жүктелуде...