weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
26 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Үндістанда жас жұбайлар тойды әуеде жасады

Үндістанда жас жұбайлар тойды әуеде жасады

Үндістанда жас жұбайлар тойды әуеде жасады
ашық дереккөзі
 width= Үндістанда коронавирус кесірінен үйлену тойын ұйымдастыра алмай қиналған ғашықтар шектеулерді айналып өтудің амалын ойлап тапты. Олар некесін ұшақтың ішінде қидырған. Жас жұбайлар шараға арнайы әуе кемесін жалдапты. Сөйтіп, неке қию рәсіміне 160-тан аса қонақ жиналған екен. Қос қанатты көліктің ішінде әлеуметтік қашықтық пен маска тағу секілді сақтық шаралары сақталмағанын айтып кету керек. Бұл оқиғаны қазір Үндістанның авиация басқармасы тексеріп жатыр. Әуе компаниясының сол күні кезекшілік еткен қызметкерлері жұмысынан уақытша шеттетілді. Айта кетейік, бүгінде Үндістанда эпидемиологиялық ахуал нашар. Осы ретте үйлену тойларындағы мейман санын 50-ден асыруға тыйым салынған.