Ерлердің ғұмырының қысқа болу себебі анықталды

Ерлердің ғұмырының қысқа болу себебі анықталды

ашық дереккөзі

 width=Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің ғалымдары ер азаматтар әйелдерге қарағанда қысқа өмір сүруі олардың өмір салтына ғана емес, ағзаларындағы хромосомаға байланысты екендігін анықтады. Ер азаматтардың неліктен қысқа ғұмырлы болатындығы жайлы Phys.org сайтында жарияланыпты.

Ғалымдардың пайымдауларынша, ер адамның бойындағы ХY-хромосомалары  әйелдердің ХХ-хромосомаларымен салыстырғанда ағзасын қорғау қабілеті едәуір төмен. Зерттеушілер маймылдардан бөлек, басқа да сүтқоректілерге, құстарға, қосмекенділерге, балықтарға, өрмекші тұқымдастарға және жәндіктерге тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде олардың еркектерінің өлімі ұрғашыларына қарағанда 17,6%-ға көп екендігі анықталыпты. Десек те кейбір жануарлардың арасында еркектер ұрғашыларына қарағанда 7%-ға ұзақ өмір сүретіндігі байқалыпты. Ғалымдар бұл жағдай неге байланысты екендігін білмей, дал болуда.

Жүктелуде...