Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

ТҮРКСОЙ бас хатшысының орынбасары: Түркістанда Елбасына ескерткіш орнату керек

ТҮРКСОЙ бас хатшысының орынбасары: Түркістанда Елбасына ескерткіш орнату керек

ТҮРКСОЙ бас хатшысының орынбасары:   Түркістанда Елбасына ескерткіш орнату керек
ашық дереккөзі
 width= Мұндай бастаманы ТҮРІКСОЙ-дың Бас хатшысы Билал Чакыджи «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы: әріптестіктің интеграциясы мен келешегі» атты халықаралық онлайн-конференцияда көтерді. Конференцияның модераторы Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті Женгиз Томар болды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті түркі елдерінің тұтастығының нығаюы мен дамуына үлкен үлес қосты. Осыдан үш жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлының тарихи Жарлығымен Түркістан облысы құрылды, Түркістан қаласы облыс орталығына айналды. Ұлт көшбасшысының ерекше Жарлығы тек қана Қазақстан үшін емес, сонымен қатар барлық түркі әлемі үшін тарихи оқиға болды. Осы кезден бастап қала ерекше қарқынмен дамып келеді. Үш жылдың ішінде Түркістан тек қана түркі әлеміне емес, оның шекарасында да танылып үлгерді. Ежелгі қала өзінің тарихи сипатын сақтай отырып, заманына сай дами бастады. Жоғарыда аталғандармен байланысты Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанның орталығында қаланың қайта жандануына себеп болған, сонымен қатар түркі ықпалдастығы идеясын жүзеге асыруға баға жетпес үлес қосқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ескерткіш орнатуға шақырамын. Бұл үшін көптеген негіз бар. Бұл ой Мемлекет басшысы бола отырып, түркі елдерінің бірігуіне ықпал еткен, қазақ халқының гүлденуі мен тыныштығына, оның тәуелсіздігіне ұмтылған Түркі әлемінің данышпан ақсақалына деген ерекше құрметтен туып отыр. Мен барлық саналы азаматтардың бұл бастаманы қолдайтынына сенімдімін», - деді Билал Чакыджи.
Конференция қатысушылары шетелдік ғалымның ұсынысын бірауыздан қолдады. Сонымен қатар Елбасының түркі әлемінің дамуына қосқан ерекше үлесіне алғысын білдірді. Онлайн-кездесуге Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) бас хатшысы Бағдад Әмреев, Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының бас хатшысы (ТүркПА) Әли Йылдыз, Халықаралық түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі, ТҮРІКСОЙ-дың бас хатшысы Билал Чакыджи, Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев, Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасы, доктор, профессор Мухиттин Шимшек, Татарстан Республикасының экс-президенті Минтимер Шаймиев, Башқұртстан Республикасының экс-президенті Мұртаза Рахимов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, Назарбаев Университетінің профессоры Юлай Шамилоглы қатысты.