weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
21 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Маңғыстаулық жас суретшінің картинасы Ұлыбританияда өткен көрмеге қойылды

Маңғыстаулық жас суретшінің картинасы Ұлыбританияда өткен көрмеге қойылды

Маңғыстаулық жас суретшінің картинасы Ұлыбританияда өткен көрмеге қойылды
ашық дереккөзі
 width= Маңғыстаулық жас суретшінің картинасы Ұлыбританияда өткен көрмеге қойылды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Түпқараған ауданының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түпқараған ауданының тұрғыны Милана Нұрсайынова — Қазақстанда «Resin Art» өнерін дамытушы суретшілердің бірі. Оның туындысы жуырда Ұлыбританиядағы Ланкастер қаласында өткен халықаралық көрмеге қойылды. Милана Нұрсайынова — Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Өнер, мәдениет және спорт» факультетінің «Сән дизайны» мамандығы бойынша 4-курс студенті. Ол екі жылдан бері эпоксидті шайыр (смола) арқылы сурет салады. Бүгінге дейін жас суретшінің Ұлыбритания мен Алматыда жеке көрмесі өтті. Онда 17 картина қойылды.