weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
20 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда жезөкшелер үйі салон атын жамылып жұмыс істеген

Алматыда жезөкшелер үйі салон атын жамылып жұмыс істеген

Алматыда жезөкшелер үйі салон атын жамылып жұмыс істеген
ашық дереккөзі
 width= Алматылық полицейлер жедел іс-шара барысында жезөкшелер үйін анықтады. Қалалық полицияның мәліметінше, жезөкшелер үйі Медеу ауданының элиталық секторында орналасқан, тұрақты, сенімді клиенттерге ғана қызмет көрсеткен.
Оны Ақмола облысынан келген 31 жастағы В.есімді әйел басқарды. Оның Қарағанды, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келгендерді жұмысқа тартқаны анықталды. Сонымен қатар, Өзбекстан мен Ресей Федерациясының азаматтары да бар. Бұл элиталы үйге кіру оңайға соқпады. Мұнда сенімді клиенттерді ғана ішке кіргізеді, тіпті көліктерінің нөмірін де ешкім танымас үшін пленкамен жауып тастаған. Үш қабатты ғимаратта сауна мен спа-салон да бар», – деді Алматы қалалық Полиция депаратаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Бұған дейін салон иесі осындай әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. «Бұл жолы оның әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес саралауға жатады. Шешім қабылдау үшін өндірістік материалдар сотқа жіберіледі», – деді полиция өкілі.