Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сүндеттелген баланың жүрегі 10 минутқа тоқтап қалған

Сүндеттелген баланың жүрегі 10 минутқа тоқтап қалған

Сүндеттелген баланың  жүрегі 10 минутқа тоқтап қалған
ашық дереккөзі

 /> Екі жасар бала Санкт-Петербургтегі емханада сүндеттелгеннен кейін әрең аман <a href=қалды. Процедура аяқталғаннан кейін баланың талмасы ұстап, 10 минут бойы жүрегі тоқтап қалған. Кішкентай науқас жедел жәрдеммен Санкт-Петербург педиатрлық университетіне өте ауыр жағдайда жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оны құтқарып үлгерді. Полиция оқиғаға байланысты тергеу бастап, жеке медициналық орталықтан медициналық карталарды тәркілеген. Қылмыстық кодекстің 118-бабы бойынша ("Адам өзінің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы салдарынан абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру") бойынша іс қозғау мәселесі шешілуде.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату