Ақмолада ер адам сезіміне жауап қатпаған әйелді соққыға жыққан
Ақмолада ер адам сезіміне жауап қатпаған әйелді соққыға жыққан

«Оқиға орнына келген полицейлер 16 мамыр күні спирттік ішімдіктер ішу барысында туындаған жанжалда 37 жастағы ер адамның үйінде болған құрбысына дене жарақатын салғанын анықтады. Ер адам өз кінәсін мойындады, олар бірнеше рет кездескенін және оған деген сезімі болғанын, бірақ ол оның сезіміне мән бермегенін айтты», - делінген ПД хабарлаасында.Аталған факт бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру"бойынша сотқа дейінгі іс бастады.