Павлодарда әкімдердің шайқасы ушығып барады. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов, Ақсу қаласының әкімін жұмыстан заңсыз қумақ болған. Бұл туралы шаһар басшысы Нұржан Әшімбетовтің өзі айтты. Облыс әкімі қала әкіміне орнын босатуды талап етіпті. Бұл туралы
Newsroom+ақпарат агенттігі
Astana TV -ға сілтеме жасап хабарлайды. Нұржан Әшімбетовтің Ақсу қаласына әкім болып тағайындалғанына нәбәрі 3 айдан енді асқан. Алайда, басынан дау арылар емес. Жұмысқа келе салысымен сөгіс алып, қызметтік тексеруге ұшырады. Бұған келіспеген Нұржан Әшімбетов, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовты сотқа берген. Айтуынша, аймақ басшысы оған қысым көрсетіпті. Оған «жылы орныңды» босатып, басқа жұмысқа ауыс -деп кеңес берген. Алайда, Ақсу әкімі бұнымен келіспеген. Сол себепті облыс әкімі өзін қыспаққа алғанын айтады. Ал өзінің үстінен жазылған арызды әдейі ұйымдастырылған жала - деп отыр.
Нұржан ӘШІМБЕТОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: 15 сәуірде мені облысқа шақырда да, айтты осындай арыз түсті. Сізді басқа жұмысқа жіберейік дегенбіз - деп маған қысым жасады. Бір азаматтар сөзінде айтты орынбасарыңыз айтты, шақырды, облыстан сондай тапсырма келді, қол қойыңдар - деп. Сондықтан мен ойлағам ұйымдастырылған нәрсе деп. Нұржан Әшімбетов өзіне берілген сөгістің негізсіз дейді. Өйткені, жазаны қаладағы екі зауыттың көрсеткіштері төмендеп кеткені үшін беріпті. Ал жекенің қолындағы зауыттың қала әкіміне бағынбайды – деп отыр. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов болса, өзіне бағынбаған қызметкерінің ісін өңірдің әдеп жөніндегі кеңес қарауына жіберген. Аталған кеңес мүшелері Ақсу қаласының басшысына қатысты ұсыныстарын ортаға тастады.
Айнұр СӘДУАҚАСОВА, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі павлодар облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің тәртіптік ісіне қатысты келесідей дауыс берді. 7 адам жұмыс орнын босатуға, 3 адам ескерту жасауға және 1 адам сөгіс беруге дауыс берді. Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкіміне Нұржан Әшімбетовті жұмыстан босату туралы ұсыныс жасалды. Ал облыс әкімінің өзімен хабарласу мүмкін болмады. Баспасөз хатшысы сот болатындықтан, ешқандай бір пікір білдірмейтінін айтты. Сот, Нұржан Әшімбетовтің заңсыз қызметтік тексеру жүргізді - деген талап арызын қабылдаудан бас тартты. Ақсу қаласы әкіміне сөгістің заңды- заңсыз берілгенін енді сот анықтамақ.