Иранда 47 жастағы кинорежиссер Бабак Хоррамдиннің ата-анасы ұлдарын "ар-намыс" үшін өлтіргендерін мойындаған.
Бұл туралы @worldprotest телеграм каналы жазды.
Кинорежиссердің бөлшектелген денесі жексенбіде Тегеранның әртүрлі аудандарындағы бірнеше қоқыс жәшігінен табылған: ер адам өлтіріліп, кесіліп, денесінің бөліктері бірнеше пакетке салынған.
Үйленбеген режиссер ұлдарын ирандық ата-ана бөлшектеп сойып тастаған. Өйткені режиссер "азғындық" өмір салтын жүргізіп, отбасын құрудан мүлдем бас тартыпты.