Ұлыңызға бүйрегіңізді бересіз бе?  

Ұлыңызға бүйрегіңізді бересіз бе?  

ашық дереккөзі

 width= Түркістандық Арсен Мадиев әкесінің бүйрегімен өмір сүріп жүр. Мектепті үздік аяқтап, оқуға түсіп, музыкант боламын деген асқақ арманын, ауру келіп  су сепкендей басқан. Әйтсе де, денесін түсініксіз жара басып, тынысы тарлылып, қысымы көтеріліп денсаулығы сыр берген баласына өз әкесі бүйрегін берген деп хабарлайды  «Еуразия арнасының» «Пендеміз ғой» бағдарламасы. 

Балам бауыр етім емес пе?! Дәрігерлер ең жақыны, оның ішінде ата-анасы донор бола алады деген кезде титтей де күмән болған жоқ. Басты қорқыныш қанның сәйкес келмей қалуы еді. Мен ота столында  ұлыма қарама-қарсы жаттым. Өзім жайлы мүлде ойлаған жоқпын. Балам жазылып кетсе екен деген бір ғана тілек болды. Жансақтау бөлімінде есімді жия сала, ұлым қалай деп сұрадым. Сонда балаңыздың жағдайы жақсы деген сөзді естігенде менен бақытты жан болмады. Көз алдымда Арсеннің жазылып кеткенін елестетіп күлімсіреп жаттым. Еш жерім ауырмады. Қалай ауырады, ұлымды құтқаруға мүмкіндік алдым»-деді Арсеннің әкесі Амантай Мұсабеков. 
Әлемде әр сағат сайын донор күтіп жатқан пациенттің өмірі үзіліп жатады екен. Мұны жақсы түсінетін Арсен қазір өзін өмірге екінші рет туылғандай сезінеді. 
«Бір жағынан қуандым, ал бір жағынан өкіндім. Мен өз отбасымды, достарымды, мұғалімдерімді, дәрігерлерді өте қатты жақсы көремін.  Маған әкемнің өз бүйрегін беремін деген шешімі мені әрине қатты қуантты. Ал бір жағынан мұңайып қалғаным, енді әкем менің кесірімнен бір бүйрекпен өмір сүруге мәжбүр болады ғой деп ойладым»-деген Арсеннің ауруы артта қалып, ұлы музыкант болсам деген арманына жетсем дейді.
https://www.youtube.com/watch?v=67ZX10Q9IgQ&list=PL_blKZJ1z0cB8IBc-AIBDpq4t4WJGRpO0

Жүктелуде...