Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ақтауда әйелі күйеуін «абайсызда » 10 жылға түрмеге отырғызған

Ақтауда әйелі күйеуін "абайсызда " 10 жылға түрмеге отырғызған

Ақтауда әйелі күйеуін «абайсызда » 10 жылға түрмеге отырғызған
ашық дереккөзі
 width= Ақтауда  әйел азаматтық некедегі күйеуін  10 жылға түрмеге отырғызды. Әйел ер адамды зорлады деп айыптап,  кейін ол  сөзінен бас тартқан.  Сотталушының анасының айтуынша,  келіні полиция қызметкерлерінің қысымына байланысты ұлына жала жапқан.Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Астана ТV-ға сілтеме жасап хабарлайды. 
Полицейлер ұрғаны үшін оған ешқандай жаза қолданылмайды, одан да зорлады деп арыз жаз" деп айтқан. Алғашында келіспеген, алайда кейіннен полицейлердің алып келген қағазына қол қойып берген. Артынша бұл ойынан бас тартып, арызын қайтарып алмақшы болғанда, полицейлер келініме де қысым көрсеткен. "Жалған арызың үшін, сені де түрмеге жабамыз" деп айтқан", - дейді айыпталушының анасы.
Ер азамат наурыз айында сотталып кетіпті. Арызданушы шағымын кері қайтарып, тіпті, алғашқы сөздерінен де бас тартқан көрінеді. Дегенмен апелляциялық сот екінші арызды назарға да алмаған.
Сот іс материалдары мен мән-жайларын зерделеп, әрбір дәйектерді сәйкестілік, сенімділік тұрғысынан және барлық жиналған айғақтарды істі шешуге жеткілікті деп бағалап, сотталушының кінәсін толығымен дәлелдеді" - делінген сот хабарламасында.
Соттың шешімімен келіспеген айыпталушының туыстары Бас прокуратураға шағымданбақ.