Әзербайжан Президенті Олжас Сүлейменовті «Şərəf» орденімен марапаттады

Әзербайжан Президенті Олжас Сүлейменовті «Şərəf» орденімен марапаттады

ашық дереккөзі

 width= Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев 18 мамырда Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстың дамуына қосқан үлесі үшін Олжас Сүлейменовті «Şərəf» орденімен марапаттау жөнінде өкімге қол қойды, деп хабарлайды   «АЗЕРТАДЖ» агенттігі. «Şərəf» (Абырой) ордені 2007 жылы құрылды. Орден Әзербайжан республикасына айрықша еңбек сіңірген тұлғаға экономика, ғылыми-техникалық дамуға, қоғамдық-мәдени прогреске қосқан үлесі үшін, ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер, ағарту және денсаулық сақтау саласында ерен еңбегі үшін беріледі. Орден алтын мен платинадан жасалған сегіз қырлы жұлдыздан тұрады. Ішінде екі дөңгелек бар сыртқысы алтын, ішіндегісі платинадан жасалған. Аталмыш марапат шетелдіктерден - Түркия Президенті Сүлейман Демирелге, Ресей патриархы Кириллге, Еуропа олимпиада комитеттерінің президенті Патрик Хиккиге, Ресей опера әншісі Тамара Синявскаяға, ТАСС агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусманға берілген. Еске сала кетсек, 18 мамырда ақын, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог, «Семей-Невада» қозғалысының көшбасшысы Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменов 85-ке толды.  

Жүктелуде...