Львов облысындағы мектептердің бірінде мұғалім 12 жастағы оқушыны сабақ кезінде қағаз ұшағын пышақпен қорқытып жеуге мәжбүр етті. Бұл туралы TSN телесюжетінде айтылған, деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі.
Мұғалімнің айтуынша, ол оқушыға жай әзілдеп айтқан. Бірақ ол әзілді түсінбеген. Оқиғаның куәгерлері ретінде он шақты оқушы болған, олардың көпшілігі ата-аналарына болған оқиға туралы хабарлаған.
"Олар ұшақты лақтырып жіберді, мен оны көтеріп, үстелге қойдым. Мұғалім оны мен лақтырды деп ойлап, мені жеуге мәжбүр етті ", — деді зардап шеккен жасөспірім.
Сонымен қатар баланың қаламының жоқтығын байқап, мұғалім сөмкеден пышақ алып, жаман мінез-құлқы үшін "саусақтарын кесемін" деп қорқытқан. Жасөспірімнің ата-анасы полицияға арыз жазды, жергілікті билік бұл оқиғаны тексеруді ұйымдастыруды тапсырды. Қылмыстық іс әлі қозғалған жоқ.