Адамдарға екпе арқылы чип енгізу туралы ақпарат жалған

Адамдарға екпе арқылы чип енгізу туралы ақпарат жалған

ашық дереккөзі

 width= Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы адамдарға екпе арқылы чип енгізу туралы әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство тұрғындарды тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Айта кетейік WhatsApp мессенджері мен басқа да әлеуметтік желілерде жақында күллі халыққа екпе арқылы чип енгізіледі деп сендірген және азаматтарды "роботтандыруға" наразылығын білдіру үшін хабарламаны таратуға шақырған белгісіз біреудің аудиожазбасы тарап жатыр. Ведомство аталған аудиожазбадағы ақпараттың жалған екенін хабарлады. "Қазіргі уақытта облыстың полиция департаментімен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабына сәйкес, төтенше жағдай кезеңінде құқық тәртібін арандату әрекеті үшін әкімшілік іс-қозғалды. Хабарламаның иесін анықтауға бағытталған іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді басқармада. Над ней все хохотали. А глянь сейчас (фото) ВЕСТНИК Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екпе егуге қарсы қазақстандықтарға жауап берген еді.

Жүктелуде...