weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
17 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Оралда 3 жасар бала септикке түсіп кеткен

Оралда 3 жасар бала септикке түсіп кеткен

Оралда 3 жасар бала септикке түсіп кеткен
ашық дереккөзі
 width= Оралда септикке түсіп кеткен 3 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр. Ата-анасының қарауынсыз қалған үш жасар бала септикке түсіп кеткен болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жайтқа қатысты бірқатар ақпаратты жария етті. Бала күтушінің сөзіне қарағанда, аулаға шыққан бала септикке түсіп кеткен. Оны сол тұстан өтіп бара жатқан ер адамдар шығарып алыпты.
Баланың тыныс алу жолы бұзылып, тоқтаған. Аузына жасанды тыныс беру жасалып, қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізген. Баланы бөлімше меңгерушісі хирург, кезекші реаниматолог және нейрохирургпен бірге қарап, медициналық көмек көрсетілген. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасынан реаниматологы мен хирургы шақыртылған. Шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылған баланың жағдайы ауыр", - деп хабарлады ведомстводан.