Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 мамыр, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Темекі тарту зиян десек те

Темекі тарту зиян десек те

Темекі тарту зиян десек те
ашық дереккөзі
 width=
Біз көбіне темекінің зиянын айтамыз. Тіпті қорабының сыртына да «денсаулыққа зиян» деп жазып қойдық. Ал Уолтер Брюнинг болса…
Баяғыда классик жазушы Ғабит Мүсірепке «темекі қойсаңызшы. Денсаулыққа зиян ғой» десе, «Жас ет бұрын бқзыла ма, ысталған ет бұрын бұзыла ма?» деп қарама-қарсы сұрақпен жауап беріпті. Біздің кейіпкеріміз Уолтер Брюнинг те осы пікірде болған секілді. Біздің қоғам темекі шегушілер санын азайту үшін не бір шара қолданып келеді. Соның әсер ететіні темекі бағасын қымбаттату ма дейміз. Өйткені Уолтердің 103 жаста темекі қоюына дәл осы сигар бағасының қымбаттығы әсер еткен. Қатйлап айтамыз, 103 жасында қойған. Бұл оқиғадан ел құлақтанып, 103 келіп , шылымды қойған қарияны естіп, сигар алуға қаражаты жоқ зейнеткерді аяп, ел демеушлік жасай бастаған. Сосын не болды дейсіз ғой. Қаптап келіп жатқан тегін сигарды көрген 108 жастағы Уолтер қайта сигар шеге бастады.
Уолтер Брюнинг 114 жасында қайтыс болды. Ғұмыр жасын нақтыласақ: 114 жыл, 205 күн.
Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ
Дереккөз: Arqa Aqshamy