Антициклонның әсерінен
ауа райы ашық болады. Тек еліміздің солтүстік, орталық және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады.
Оңтүстік және оңтүстік-батыста жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Түркістан, Маңғыстау облысында таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Түркістан облысында екпіні 25 м/с жетеді.
Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстанда найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, күндіз Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысында найзағай жарқылдайды.
Күндіз Ақмола, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық болады.
Қызылорда облысында өрт қаупі бар.